Новости

  • IX Зимняя Спартакиада школьников и учащихся колледжей

    С 28 февраля по 7 марта 2019 года Национально-научно практическим центром Министерства образования и науки Республики Казахстан была организована IX зимняя Спартакиада школьников и учащихся колледжей. Торжественное открытие Спартакиады состоялось 4 марта на базе Центра олимпийской подготовки (г. Щучинск Акмолинская…

  • Соревнования по настольному теннису

    С 5 по 7 марта 2019 года в городе Костанай, на базе Костанайского социально-технического колледжа состоялись соревнования по настольному теннису в программе областной летней спартакиады школьников и студентов колледжей посвященной году молодежи, приняло участие 19 команд из разных регионов области.…

  • Соревнования по тоғызкұмалақ

    С 5-7 марта 2019 года в городе Костанай на базе колледжа КИнЭУ, были проведены соревнования  по тогызкумалаку, в программе областной летней спартакиады школьников и студентов колледжей, посвященной году молодежи. На данном турнире приняло участие 19 команд из разных регионов области. По…

  • Республиканский учебно-практический семинар

          Национальным научно-практическим центром физической культуры МОН РК совместно с Казахстанской федерацией гандбола и Региональным центром физической культуры и детско-юношеского туризма Управления образования акимата Костанайской области проведен республиканский учебно-практический семинар «Совершенствование техники и тактики игры в гандбол» для учителей…

  • Соревнования по шахматам

    Соревнования по шахматам, в программе областной летней спартакиады школьников и студентов колледжей. С 25 -27 февраля 2019 года в городе Костанай в Шахматном клубе, были проведены соревнования по шахматам, в программе областной летней спартакиады школьников и студентов колледжей. На данном…

Амангелді ауданында семинар

IMG-20181011-WA0065

Дене тәрбиесі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмыс тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату мақсатында 2018 жылдың  9-11 қазанында Амангелді ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туған жер кеңістігінде патриотизмге тәрбиелеу факторы ретінде» тақырыбына дене тәрбиесі бойынша мұғалімдері мен әдіскерлері үшін кезекті семинары өтті. 

Семинардың тақырыбына байланысты бірінші күні қатысушыларға «Кейкі батыр» кесенесіне экскурсияға баруға мүмкіндігі болды, ұлы батырды еске алып, қатысушылар «Кейкі батыр»-дың туып өскен ауылында орналасқан Тасты орта мектебіне жол жүрді, сол мектепте мұражай орналасқан, қонақтар үшін мұражай бойынша экскурсия өткізілді және өткен жылдардың тұрмысымен таныстыру өткізілді.   

Келесі күні ресми ашылуынан кейін және Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығының директоры-Қуаныш Уахитұлы Бимурзиннің құттықтау сөзінен кейін, семинар теориялық бөлімінен басталды, онда:

 «Аудан мектептеріндегі дене тәрбие саласының даму мүмкіндіктері» -Қарқымбаев Нұрлан Максимович, Амангелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің дене шынықтыру секторының әдіскері;

«Рухани жаңғыру – болашаққа бастар нақты қадам» - Мұхамбетова Мақпал  Кәкімбекқызы, Амангелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің тәрбие саласы  секторының әдіскері;

«Туған елдің топонимикасы» - Айтмағанбетов Абай Кәрімұлы, «Амангелді ауданы әкімдігі білім беру  бөлімінің Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры;

«История родного края» - Наукенова Айымгүл Жеңісқызы, «Амангелді ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;

«Амангелді  ауданында балалар мен жасөспірімдер туризімін дамыту мүмкіндіктері» - Әбжанов Жайсан Смағұлұлы, «Амангелді ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ «Батыр» спорттық-туристік үйірме жетекшісі сөз сөйледі.

Теориялық бөлімнің аяқталуы бойынша барлық қатысушылар мынадай жерлерге экскурсияға барды:

  •        Амангелді бабамыздың рухына дұға бағыштау;
  •       «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының көрмесі;
  •        А.Иманов атындағы мемориалдық мұражайы;
  •         Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп мұражайы, IТ кабинетке шолу;
  •        Ә. Боранбаев  атындағы жалпы білім беретін орта мектеп мұражайы;
  •         Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебіндегі «Ұлт мұрасы» этнографиялық кабинетінің жұмысымен танысу.

Мұражайды, мектептердегі тақырыптық кабинеттерді, балалар шығармашылық орталығын қарап, семинардың қатысушыларына өте ұнады және Амангелді ауданының тұрғындары туған өлкесінің тарихын құрметтейтіні және еске алатыны және Қазақстан азаматы атағын мақтаныш ететіні байқалды. 

Семинардың қорытынды бөлімінде барлық қатысушыларға сертификат берілді.